$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.02.2020, 11:17
Жаңалықтар

Талдықорған тұрғыны жағажайға шомылуға келгендердің киімін ұрлаумен айналысқан

32 жастағы жігіт сондай-ақ, бағалы заттарды да қолды етіп келген

Талдықорған тұрғыны жағажайға шомылуға келгендердің киімін ұрлаумен айналысқан
Фото ашық дереккөзден

Талдықорған қалалық соты Ескелді ауданының тұрғынын айыпты деп тапты. Ол жағажайға, бассейндерге демалуға келгендердің киім салынған сөмкелерін, бағалы заттары мен ақшасын, тіпті велосипедке дейін ұрлауды кәсіп еткен.

Ұры көп жағдайда Қаратал өзенінің жағасында арам ойын жүзеге асырып отырған. Сондай-ақ, қаладағы демалыс орындарына да жиі «бас сұғады» екен. Ал, жазғы шомылу маусымы аяқталған кезде ол сән салондарының есігін бұзып ашып, ішіндегі мүлікті ұрлаумен айналысқан.

«Осы қылмыстарды ашу мақсатында жедел іздестіру шаралары жүргізіліп, күдікті ретінде А.П.Ганфу есімді тұрғын ұсталды. Оны тінту кезінде ұрланған заттардың біразы табылып, тәркіленді. Полицейлер тергеуді аяқтап, істі сотқа жолдады», - деп хабарлады Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Александр Ганфу тағылған айыптың бәрін мойындап, жәбірленушілерге материалдық шығынды өтегендіктен, ол түрмеге қамалмай, тек екі жарым жылға шартты жазаға тартылды. Енді ол жаза мерзімі аяқталғанша жылына 100 сағаттан қоғамдық жұмыстарға тартылады.

Серіктес жаңалықтары