Қазақстанның басым бөлігінде әлі де жауын-шашынсыз ауа райы сақталады
22 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 22 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«ҚР аумағының басым бөлігі әлі де ауқымды антициклонның ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында найзағайлы жаңбыр жауады, екпінді жел соғады. Түнде және таңертең еліміздің солтүстігінде тұман түсуі мүмкін», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай облысының басым бөлігінде, Қарағанды облысының шығыс бөлігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік сақталады.