«ASTANA» телеарнасы «Жетім жүрек» телехикаясының жалғасын көрсетеді
Телеарна жуырда жаңа маусымның тұсауын кескен болатын

2016-2017 жылдары алғаш рет көрсетіліп, халықтың жүрегін жаулаған «Жетім жүрек» 2022 жылы жалғасын тапты. Талас пен тартысқа толы телехикаяның жалғасы 12 қыркүйектен бастап күнделікті көрермен назарына ұсынылады.
Телесериалдың бұл маусымы алдыңғысынан өзгерек болмақ. Жаңа бейнелер, жаңа оқиғалар мен жаңа есімдер. Десе де, өткен маусымда көптің есінде қалған кейіпкерлер де тасада қалмайды. Мейірімділігі, тәрбиелігі және даналығымен жадымызда жатталып қалған Гүли (Деволина Бхаттачарджи), тәртіпті бәрінен биік қоятын Кокила (Rupal Patel), сезіміне берік Ахем де (Mohammad Nazim) бұл маусымда. Жаңа есімдерден: Гехна (Sneha Jain), Анант (Harsh Nagar), Радхика (Krutika Desai) және тағы да басқа танымал әртістер қатарға қосылмақ.
Алғашқы маусымда ана мейірімін көрмеген Гүли атты бейкүнә қыздың тағдырын талқыға салған едік. Қатал енесінің орнатқан тәртібіне көніп, Гүли нағыз тәуелсіз, рухы мықты әйелге айналды. Екінші маусымда Гехна есімді тағы бір ақкөңіл, аңқау қыздың өмірінде болып жатқан сан-қилы оқиғалардың куәсі боламыз. Абысындарынан қорлық көріп жүрген ару қашанға дейін шыдар екен? Оны телехикаяны үзбей көретін көрермен білер.
Тағдырына мойынсұнып, туғанынан теперіш көрген «Жетім жүректің» жаңа маусымын күн сайын 21:55-те «ASTANA» арнасынан тамашалаңыздар!