$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ресейде ішінара мобилизациялауға қарсы наразылық шаралары өтіп жатыр

Мобилизациялау туралы бұйрық ресейліктердің елден жаппай кетуіне себеп болған

Ресейде ішінара мобилизациялауға қарсы наразылық шаралары өтіп жатыр
Фото ашық дереккөзден

Ресейдің Екатеринбург, Красноярск, Иркутск, Новосибирск, Томск қалаларында ел президенті Владимир Путин ішінара мобилизациялау туралы жариялағаннан кейін наразылық акциялары басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Euronews сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін «Көктем»жастар демократиялық қозғалысы «могилизация жоқ» ұранымен көшеге шығуға шақырған болатын. Ал билік азаматтарды келісілмеген митингтерге қатысқаны үшін жазалайтынын ескертті.

Мобилизациялау туралы бұйрық ресейліктердің елден жаппай кетуіне себеп болған сияқты. Ресейден рейстерге билетер қалмаған, әсіресе виза қажет емес мемлекеттерге. Turkish Airlines сайтында келесі дүйсенбіге дейін Мәскеуден Стамбулға тікелей рейстерге барлық билеттер сатылып кеткен.

Серіктес жаңалықтары