$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандықтардың миллиардтаған қарызы коллекторларға өтті

1 шілдедегі мәлімет бойынша берешегі коллекторлық агенттіктерге өткен 992 мың қарыз алушы бар

Қазақстандықтардың миллиардтаған қарызы коллекторларға өтті

Коллекторлық агенттіктерге өткен қазақстандықтардың проблемалық несиелері 457 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy LS-ке сілтеме жасап.

Қаржы нарығын реттеу агенттігінде бұл ұйымдар 90 күннен астам мерзімі өткен қарыздар мен микрокредиттерді ғана, ал жеке тұлғаларға ипотекалық несиелер бойынша – 180 күннен астам сатып алуға құқылы екенін атап өтті.

"2022 жылғы 1 шілдедегі мәлімет бойынша коллекторлық агенттіктер өндіріп алуға қабылдаған берешек көлемі 457 млрд теңгені (992 мың қарыз алушы) құрады. Ағымдағы жылдың басынан бері ол 13,7%- ға (55 млрд теңге), ал 2021 жылдың басынан бастап 11,3%- ға (46,3 млрд теңге) ұлғайды", - деп хабарлады агенттікте.

Сонымен қатар, берешектің жалпы көлемінің шамамен 87,7%- ын немесе 401 млрд теңгені банктер алдындағы міндеттемелер, 7,4%-ын немесе 34 млрд теңгені микроқаржы ұйымдары алдындағы міндеттемелер және 4,8%-ын немесе 22 млрд теңгені өзге ұйымдар алдындағы міндеттемелер құрайды.

Бұдан басқа, коллекторлық агенттіктерге берiлген берешек сомасы 2022 жылдың басынан бастап 4,5%-ға (34,4 млрд теңге), ал 2021 жылдың басынан бастап 16%-ға (109,7 млрд теңге) ұлғайып, 797 млрд теңгеге (744 мың қарыз алушы) жетті.

Қаржы нарығын реттеу агенттігінде түсіндіргендей, жалпы қарыздың шамамен 61%-ы немесе 486 млрд теңгесі – банктік қарыз шарттары бойынша берешек, 7,3%-ы немесе 58 млрд теңгесі –микрокредит беру туралы шарттар бойынша және 31,7%-ы немесе 253 млрд теңгесі-өзге ұйымдар берген қарыз.

Серіктес жаңалықтары