$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

АҚШ әкімшілігі өкілдері Ресей СІМ басшысы Сергей Лавровпен кездеспейтінін айтты

Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясы Украинадағы жағдайды талқылады

АҚШ әкімшілігі өкілдері Ресей СІМ басшысы Сергей Лавровпен кездеспейтінін айтты

АҚШ әкімшілігі өкілдері Ресей СІМ басшысы Сергей Лавровпен кездеспейтінін айтты. Бұл туралы кеше АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі Линда Томас-Гринфилд ВВС-ге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі BBC News-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, АҚШ әкімшілігі «Украинаның орыстардың шабуылынан қорғану құқығын сақтауды жалғастырады».

Бұған дейін Украина СІМ басшысы Дмитрий Кулеба Лавровпен ешқандай байланыс орнатуды жоспарламағанын айтқан болатын.

Кеше Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясы Украинадағы жағдайды талқылады.

НАТО: УКРАИНА АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ ЖАЛҒАН «РЕФЕРЕНДУМДАР» – «ПУТИН СОҒЫСЫНЫҢ ӨРШУІ»

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг айтуынша, Мәскеудің оккупацияланған Украина территорияларында референдум өткізетінін жариялауы қақтығыстың артуына ықпал етеді. Оның пікірінше, мұндай жағдайда басқа елдің аумағында өткізілетін «референдумдар» заңды күшке ие болмайды және тек «Путин соғысының шиеленісуін» туғызады.

«Жалған референдумның заңдылығы жоқ және Ресейдің Украинаға қарсы агрессиялық соғысының сипатын өзгертпейді. Халықаралық қауымдастық халықаралық құқықтың өрескел бұзылғанын айыптап, Украинаға қолдауды күшейтуі керек», - деп жазды Столтенберг Твиттерде.

УКРАИНАНЫҢ БАС ШТАБЫ: РЕСЕЙ СИРИЯДАН ДОНБАСҚА ӘСКЕРІН КӨШІРІП ЖАТЫР

Украина Қарулы Күштерінің Бас штабы есебінде Ресей армиясының шегіну кезінде айтарлықтай шығынға ұшырағанын атап өтті.

«Хорливка қаласының медициналық мекемелері оккупация күшінің ауыр жараланған сарбаздарына толды», - делінген хабарламада.

«Сонымен қатар, Ресей қарулы күштерінің 1-армия корпусынан Херсон облысы аумағынан уақытша басып алынған Донецк облысының аумағына қаза тапқандардың мәйіті тиелген екі ауыр көлік жеткізілді. Адам саны нақтыланып жатыр», - деген Бас штаб Facebook желісінде жазба қалдырды.

Сол себепті, Украина Бас штабының мәліметінше, Мәскеу Сириядан Донбасқа қосымша әскер алдыртып жатыр.

Жасырын жұмылдыру шараларының сәтсіз жүргізілуіне байланысты Ресей Федерациясының әскери-саяси басшылығы 217-десанттық-шабуылдаушы полкінің бөлімдерін Сирия Араб Республикасы аумағынан шығару және оны Украина аумағына өткізуге дайындықты бастау туралы шешім қабылдады.

УКРАИНАЛЫҚТАРДЫҢ 92%-Ы ЕО-ҒА, 79%-Ы НАТО-ҒА ҚОСЫЛҒЫСЫ КЕЛЕДІ

Киев халықаралық әлеуметтану институты мен Ұлттық демократиялық институт жүргізген сауалнаманың нәтижесі бойынша украиналықтардың 92%-ы ЕО-ға, 79%-ы НАТО-ға қосылғысы келеді.

«Украинская правда» газетінің хабарлауынша, респонденттердің 92 пайызы Украинаның 2030 жылға қарай ЕО-ға мүше болғанын қалайды. Бұған дейін жүргізілген дәл осындай сауалнама мамыр айында өткен болатын, онда респонденттердің 90%-ы ЕО таңдаған еді.

Таяуда Gazeta.ru аннексияланған Қырымда Республикалық саяси және әлеуметтанулық зерттеулер институты жүргізген сауалнама бойынша өз-өзін жариялаған республика тұрғындарының 93 пайызы Ресейге қосылуды қалайтынын жариялады. Сауалнамаға сәйкес, Запорожье облысы мен Херсон облысының басып алынған бөліктерінде мұндай шешімді қолдау сәйкесінше 80% және 87% құрайды.

Серіктес жаңалықтары