20.09.2022, 17:14
Жаңалықтар
Үкімет басшысының БАӘ-ге ресми сапары: 900 млн доллар болатын келісімдерге қол қойылды
Әлихан Смайылов БАӘ-нің іскер топ өкілдерімен келіссөздер жүргізді
Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барған ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов осы елдің іскер топ өкілдерімен келіссөздер жүргізді. Бұл туралы Azattyq Ruhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Инвесторларға тау-кен металлургия кешені, ауыл шаруашылығы, мұнай-газ саласы, құрылыс және т.б. салалардағы жалпы сомасы $6,5 млрд-тан астам жаңадан 40 инвестициялық жобалар тізімі ұсынылды.
Кездесулердің қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрінің қатысуымен экономиканың түрлі секторларында жалпы сомасы $900 млн болатын бірқатар екіжақты коммерциялық құжаттарға қол қойылды. Оның ішінде:
- «Citix» ЖШС мен «The Gulf Foundation» арасындағы БАӘ-де инновациялық және IT-шешімдерді құру жобасын іске асыруға «SmartCity&Adtech» кешенді шешімі туралы келісімшарт;
- Астана қаласында жекеменшік мектеп салу бойынша «BI Group» және «International Community Schools» арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
- Ақтөбе қаласында жекеменшік мектеп салу бойынша «Эрудит Бизнес» ЖШС және «International Community Schools» арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
- «KazakhAgroExport» ЖШС және «Health Plus General Trading LLC» арасындағы БАӘ-ге ет өнімдерін жеткізу жөніндегі экспорттық келісімшарт;
- «Оптоград» ЖШС мен «Laser Meat Trading Est» арасындағы БАӘ-ге қой етін жеткізу жөніндегі экспорттық келісімшарт;
- «ҚазСтандарт» РМК және «GulfTIC» арасындағы Парсы шығанағы елдеріне экспорттау үшін қазақстандық өнімді сертификаттау саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандум және т.б құжаттар.
Көп оқылған
06.05.2026, 09:48
Тоқаев немістің Рейхстагтан кейінгі ордасы Ратушаға бірінші болып кірген батырға «Халық қаһарманы» атағын берді
06.05.2026, 11:15
Талдықорғанда арыққа ағып кетіп, жүрегі тоқтап қалған екі жасар қызды жедел жәрдем дәрігері қайта «тірілтіп» алған
06.05.2026, 10:02
Павлодардағы емхананың кезегіне таласқан халық есік ашылғанда бір-бірін таптап кете жаздаған (ВИДЕО)
06.05.2026, 10:18
«Бұл - таңдау емес, мәжбүрлеу әрі бопсалау»: BI Service үйді күтіп-ұстау үшін бір шаршы метрдің тарифін 270 теңгеге дейін қымбаттатпақ