Судья журналистерге Қайрат Сатыбалдының сот отырысынан бейне және аудиожазба жүргізуге тыйым салды
Дегенмен, бұқаралық ақпарат құралдары отырысқа қатысып, жазбаны тек қағазға жаза алады

Астана қаласының сотында Қайрат Сатыбалдының соты басталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
Сот отырысына Қайрат Сатыбалды мен өзге де күдіктілер онлайн-трансляция арқылы қатысып жатыр. Сонымен қатар Zoom желісі бойынша сот отырысына бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуына рұқсат берілді.
Сот отырысы бастала сала судья айыпталушы тараптан аудио және бейнетүсірілім жүргізуге қатысты пікірлерін сұрады. Қайрат Сатыбалдының авдокаты бұған қарсы екенін жеткізіп еді, сот шағымды қанағаттандырып, аудио және бейнажазба жүргізуге тыйым салды. Жазба жүргізген азаматтар заңмен жазаланбақ.
Айта кетерлігі, аудио және видеожазба жүргізу тек журналистерге емес, сот отырысына қатысып жатқан тараптарға да қатысты болып отыр.