$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырауда жыл басынан бері 26 әйел мен 52 бала дағдарыс орталығына орналастырылды

Көп әйелдер өз құқықтарын қорғағысы келмейді

Атырауда жыл басынан бері 26 әйел мен 52 бала дағдарыс орталығына орналастырылды
Фото ашық дереккөзден

Атырауда жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен 26 әйел мен 52 бала дағдарыс орталығына орналастырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Отбасылық-тұрмыстық жанжал фактілері полиция шақыруларының негізгі бөлігін құрайды. Бұл 102 пультіне түсетін қоңыраулардың күнделікті мониторингінің нәтижелері. Атырау қаласында бір тәулік ішінде полицияға осындай сипаттағы 30-ға жуық шақырту келіп түседі. Олардың 20-ға жуығы түнгі уақытта түссе, 10-нан астам қоңырау күндізгі уақытта түседі. Көбісі полицияны зорлық-зомбылықты тыныштандыруға шақырады, бірақ олар өздерін және балаларын болашақта үй тиранынан қорғау үшін өз құқықтарын қорғағысы келмейді. Статистика көрсеткендей, 80 пайыз жағдайда полицияға көмек сұрап келетін азаматшалар құқық бұзушыны кешіреді. Нәтижесінде біраз уақыттан кейін отбасындағы жағдай қайтадан қайталанады.

 Айта кету керек, 102 операторының пультіне түскен азаматтардың шақыруларына күнделікті мониторинг отбасылық-тұрмыстық салада зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдарды анықтау мақсатында жүргізіледі. Осы отбасылармен профилактикалық жұмыстар өткізіліп, учаскелік инспекторлар отбасылық агрессорларды тұрғылықты жері бойынша тексеріп отырады.

«Отбасында тек физикалық қана емес, моральдық-психологиялық тұрғыдан да кез келген зорлық-зомбылыққа жол берілмеуі керек», – дейді полицейлер.

 Айта кетейік, Атырау қаласында панасыз қалған әйелдерге көмек көрсете отырып, жыл басынан бері дағдарыс орталығына 26 әйел, 52 бала орналастырылды.

Серіктес жаңалықтары