«Жастар Рухы» Головкинді қолдап, челлендж ұйымдастырды
Бокс кеші 17 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді

AMANAT партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты Головкин - Канело трилогиясы алдында қазақстандық боксшыны қолдап, челлендж ұйымдастырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Достар, санаулы күндерден соң жерлесіміз, халық чемпионы Геннадий Головкин Сауль Альвареспен трилогиясын өткізбек. Әлемдік ареналарда қазақ елінің байрағын желбіретіп жүрген отандасымызға ел болып сәттілік тілеп, жанкүйер болайық. Сіздер үшін барлық аймақтардағы «Жастар Рухы» ұйымдастыратын арнайы көрсетілімде чемпионға бірге қолдау көрсетейік», - деп жазды AMANAT партиясы жанвндағы «Жастар Рухы» Жастар қанатының жетекшісі Нұржан Жетпісбаев Facebook желісіндегі парақшасында.
Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде #РухтастарGGGқолдайды #GGGалға хэштегін пайдаланып, фото және видеоларымен бөлісе алады.