$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

СІМ Қазақстанның ҰҚШҰ құрамынан шығатыны туралы ақпаратқа пікір білдірді

Ведомство желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды

СІМ Қазақстанның ҰҚШҰ құрамынан шығатыны туралы ақпаратқа пікір білдірді
Фото: ашық дереккөзден

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 2023 жылдың басында Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүшелігін тоқтатып қоюды жоспарлап отырғаны туралы хабарлама тарады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Stopfake.kz порталының мәліметінше, ҚР Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Қазақстанның ҰҚШҰ-дан шығуы туралы жекелеген әлеуметтік желілерде тараған ақпарат – фейк және шындыққа жанаспайды. Қазақстан ҰҚШҰ құрылғалы оған мүше болып келеді, осы ұйымның белсенді қатысушысы. ҰҚШҰ-ға мүше болу еліміздің ұлттық мүдделеріне толық сай келеді. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартта оған қатысушы мемлекеттер үшін, оның ішінде Қазақстан үшін де қауіпсіздікті қамтамасыз етуге заңды түрде міндеттейтін кепілдіктер көзделген. Бұдан басқа, ҰҚШҰ шеңберінде халықаралық терроризмге, заңсыз көші-қонға, есірткінің заңсыз айналымына, трансшекаралық қылмыстылыққа, ақпараттық саладағы қатерлерге бірлесіп қарсы іс-қимыл жасау дағдылары пысықталады. Яғни, ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастық Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды бағыты болып табылады, еліміздің ҰҚШҰ-ға қатысуы Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялық құжаттарында қарастырылған. Жалпы, Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан шығу мүмкіндігін қарастырып жатқан жоқ», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары