15.09.2022, 01:06
Жаңалықтар
Жетісу облысында мотоцикл тізгіндеген 14 жастағы оқушы жол апатынан қаза тапты
Жеңіл көлікпен соқтығысқан жасөспірім оқиға орнында көз жұмған
фото: stan.kz
Жетісу облысында мотоцикл тізгіндеген 14 жастағы оқушы жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қайғылы оқиға 14 қыркүйек күні Кербұлақ ауданы Талдыбұлақ ауылында орын алды. Екінші дәрежелі көшеден басты көшеге шыға бере оқушы Nissan Maxima автокөлігімен соқтығысқан.
Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бала оқиға орнында қайтыс болды.
Бұл факті бойынша ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалған.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды