Қарағандыдағы «Сарыарқа» әуежайына 31 миллион теңге айыппұл салынды
Сонымен қатар қомақты мөлшерде монополиялық табысы тәркіленді

Авиациялық жанар-жағар майды сату кезінде заң бұзушылықтарға жол бергені үшін Қарағандыдағы «Сарыарқа» әуежайына айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті жүргізген тергеу нәтижелері бойынша «Сарыарқа» әуежайы» 2018-2019 жылдары ішкі әуе желілеріне авиациялық жанар-жағар майды сату кезінде монополиялық жоғары баға белгілегені анықталды.
«Сарыарқа» әуежайы» АҚ өкілі сот отырысында бұл фактіні мойындады.
«Қарағанды қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен «Сарыарқа» әуежайы» АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 миллион 240 мың теңге мөлшерінде монополиялық табысы тәркіленіп, 31 миллион 104 мың 912 теңге әкімшілік айыппұл салынды», - делінген Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің хабарламасында.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.