14.09.2022, 22:42
Жаңалықтар
Ақтөбе облысында жол апатынан Қырғызстан азаматы көз жұмды
Жарақат алған жүргізуші ауруханада жатыр
фото: Polisia.kz
Ақтөбе облысында қайғылы жол апаты болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
14 қыркүйек күні Ырғыз ауданы Қалыбай кентінің жанындағы Самара – Шымкент автожолында жол-көлік оқиғасы орын алып, адам өліміне алып келді.
ВАЗ 2105 автокөлігінің жүргізушісі, Қырғызстан Республикасының азаматы, рульді басқара алмай жолдан шығып кетіп, аударылып қалған. Жол апаты салдарынан Қырғызстан азаматы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, ал жүргізуші түрлі жарақаттармен Ырғыз орталық аудандық ауруханасына жатқызылды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді