$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қазатомөнеркәсіптің» басқарма төрағасы тағайындалды

Ержан Мұқанов атом өнеркәсібінде 23 жыл еңбек еткен

«Қазатомөнеркәсіптің» басқарма төрағасы тағайындалды
Фото: kazatomprom.kz

«Қазатомөнеркәсіп» директорлар кеңесінің шешімімен Мұқанов Ержан Жанәбілұлы компанияның басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, Ержан Мұқановтың ҚР Ғылым академиясының Металлургия және байыту институтында арнайы байыту әдістері және гидрометаллургия зертханасының инженері қызметінен бастап, атом өнеркәсібінде түрлі лауазымдарында 23 жылдан астам тәжірибесі бар.

"Қазатомөнеркәсіп" жүйесінде 2006 жылдан бері қызмет етеді. Сондай-ақ "КАТКО" БК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде инженер-технолог лауазымынан бастап, AREVA Mines өндірісін дамыту үйлестірушісі ретінде, "КАТКО" БК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "Қазатомөнеркәсіп-SaUran", "Қаратау" және "Семізбай-U" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сияқты компанияның еншілес және тәуелді ұйымдарында түрлі басшылық қызметті атқарған.

«Директорлар кеңесінің атынан Мұқанов мырзаны компанияның басқарма төрағасы ретінде қабылдадық», – деді Қазатомөнеркәсіп директорлар кеңесінің төрағасы Нил Лонгфеллоу.

Серіктес жаңалықтары