Шұғыл«Тауық пен сиырдың айырмашылығын білмейді» – Нұрлан Нығматулин Экология министріне ауылға баруға кеңес берді

Қазақстанда дәрі-дәрмек қымбаттады

Фармацевтикалық препараттардың бағасы бір жылда 5,5 пайызға өскен

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда дәрі-дәрмек пен басқа да фармацевтикалық препараттардың бағасы өткен жылмен салыстырғанда 5,5 пайызға өсті. Бұл туралы Energyprom.kz сайты жазды. 

Ең қатты қымбаттаған дәрумен препараттары, 10 таблетканың бағасы 425 теңгеге дейін жеткен. Сондай-ақ мақтаның жүз грамы 248 теңгеге дейін қымбаттап, 8,3 пайызға өскен. Ал, салыстырмалы түрде құны қатты артпаған – ампициллин (10 таблеткасы 140 теңгеге дейін).

Жалпы, 2020 жылдың қаңтар айындағы Қазақстан бойынша фармацевтикалық препараттардың бағасы 2019 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 5,5 пайызға өскен.

Өңірлер бойынша дәрі-дәрмек бағасының өсімі Нұр-Сұлтан қаласында (9,1 пайыз), Қызылорда облысы (7,6 пайыз) мен Алматы қаласында (7,2 пайыз) байқалды. Бір айта кетерлігі, бір жылдың ішінде фармацевтикалық препараттардың тұтынушылық құны Қазақстанның барлық өңірінде өскен.

2019 жылы негізгі фармацевтикалық өнім өндірісі 92 млрд теңгеге жеткен. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 17 пайызға көп. Ал барлық өнімнің 90 пайызға жуығы Алматы облысына (31,6 млрд теңге), Шымкент қаласы (31,4 млрд теңге) мен Алматы қаласына (19,5 млрд) тиесілі.