Қысылтаяң сәтте бізге қорған болған адамға алғыс айтуымыз керек – Тоқтар Әубәкіров
Тұңғыш қазақстандық ғарышкер, Қазақстан ӘӘК генерал-майоры, «Халық Қаһарманы», қазіргі қоғам қайраткері, Ұлттық құрылтайдың мүшесі Тоқтар Әубәкіров қаңтар айындағы оқиғалар туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Құрметті отандастар, мұндай жауапты, сындарлы, қысылтаяң сәтте бізді тастап, ешқайда қашып кетпей, бар күш-жігерін салып, бізге қорған болған адамға алғыс айтуымыз керек екенін жеткізгім келеді», - деді Тоқтар Әубәкіров.
Бұған дейін Тоқтар Әубәкіров жеті жылдық президенттік мерзімі туралы айтқан болатын. Ол депутаттардың бастамасын қолдайтынын айтты. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда депутаттардың ұсынысы бойынша сайлауға дейін бір реттік Президенттік мерзім енгізіледі. Осы жылдың 2 қыркүйегінде «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы Қазақстан Республикасының Президентін жеті жылдық мерзімге сайлау туралы бастаманы қолдайтынын мәлімдеді. Бұл ретте депутаттар қазір Конституцияға өзгерістер енгізіп, биылғы күзде жаңа ережелер бойынша Президент сайлауын өткізу қажет деп санайды. Олардың пікірінше, бұл қадам мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға және еліміздің тұрақты дамуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.