$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО-да ломбард менеджері 12 млн теңгеден астам қаржыны заңсыз иемденіп алған

Жауап алу кезінде күдікті өз кінәсін мойындады

ШҚО-да ломбард менеджері 12 млн теңгеден астам қаржыны заңсыз иемденіп алған

ШҚО-ның облыс орталығындағы ломбардтардың бірінде ірі көлемдегі ақша қаражатын талан-таражға салынған. Бұл туралы Azattyq Ruhy облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өскемен қаласы ПБ Үлбі полиция бөлімінің кезекші бөліміне қаладағы ломбардтардың бірінің директорынан өтініш келіп түскен. Ол өзінің қызметкері ойдан шығарылған, сәйкес келмейтін кепіл билеттерін пайдалана отырып, кассадан 12 500 000 теңгеден астам ақшаны иемденіп алғанын айтқан.

Арызды қабылдаған криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстаған. Жауап алу кезінде өз кінәсін мойындаған ЖШС-нің 37 жастағы менеджері кінәлі деп танылған, әйел адам полицияға осылайша материалдық жағдайын жақсартқысы келетінін айтқан.

Оған қатысты ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары