$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағандыда жетім және аз қамтылған отбасының балаларын ҰБТ-ға тегін дайындайтын жоба басталады

Облыста «Репетитор» пилоттық жобасы іске қосылды

Қарағандыда жетім және аз қамтылған отбасының балаларын ҰБТ-ға тегін дайындайтын жоба басталады
фото: Cavan Images / Getty Images

Қарағанды облысында ата-анасынан айырылған, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған және ауылдық жерлерде оқитын 11-сынып оқушылары үшін ҰБТ-ға тегін дайындайтын курстар ұйымдастырылады. Бұл туралы Azattyq Ruhy Patriotnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қарағанды облысында «Репетитор» пилоттық жобасы іске қосылды.

«Балалар үйінде болғанда ондағы тәрбиеленушілермен әңгімелесемін. Білімді, талантты, бірнеше тіл білетін балалар көп. Алайда олар сұраныс аз мамандықтарды таңдап жатады. Сондықтан біз оларға көмек қолын созатын боламыз», - деді аймақ басшысы Ж.Қасымбек.

Сонымен қатар ол жас ІТ мамандар тобы өткен жылы ауыл мектептерінде оқитын 100-ге жуық түлекті ҰБТ-ға тегін дайындағанын айтты. Биыл бюджеттен тыс қаражат қарастырып, тегін курспен қамтылатын балалардың санын арттыру көзделген.  

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ҰБТ #дайындық