11.02.2020, 09:29
Жаңалықтар
Коронавирус құрбандарының саны 1018 адамға жетті
Ауруынан айыққандар саны 4 мың адамға жетті
2019-nCoV вирусынан болатын өкпе қабынуы 1018 адамның өмірін жалмап үлгерді. Бұл туралы ҚХР Денсаулық сауқтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеті мәлімдеді деп жазады ТАСС.
Қытайда жаңа коронавирустан өткен тәулікте 108 адам қайтыс болған. 3996 адам ауруынан айығыпты. Ал, жалпы вирусты жұқтырғандардың саны 42 638-ді құрап отыр. Барлығы 1018 науқас көз жұмды.
10 ақпан күні ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қытайдың коронавирусқа қарсы соғыс жариялайтынын мәлімдеген болатын. Ол елдегі бүкіл мемлекеттік органдар мен коммунистік партия күш біріктіріп, ауруды жоюдың жолын қарастырып жатқанын айтты.
Көп оқылған
14.04.2026, 10:39
Бет-жүзін кескілеп, адам танымастай еткен: Ақтөбеде 22 жылға сотталған қылмыскер өзін ақтап алмақ болды
14.04.2026, 15:57
«Періштесі қақты»: Ақтөбеде ер адам жүк көліктерінің ортасынан өтіп, аман қалды (ВИДЕО)
14.04.2026, 09:27
Енді қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алу үшін ақылы негізде арасына 10 күн салып шексіз емтихан тапсыра алады