$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырауда ювеналды полиция инспекторы пара алғаны үшін сотталды

Ол мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды

Атырауда ювеналды полиция инспекторы пара алғаны үшін сотталды
Фото ашық дереккөзден

Атырауда ювеналды полиция инспекторы пара алғаны үшін сотталды. Бұл туралы қалалық №2 соттың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Атыраудағы №2 қалалық сотта ювеналды полиция бөлімшесінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторына қатысты сот ісі қаралды. Инспекторға ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 2-бөлігімен (Пара алу) айып тағылған.

«Полиция инспекторы Х. азамат С.-ға кәмелетке толмаған баласына тәрбиелеу жұмыстарын тиісті дәрежеде атқармағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жинақталған құжаттарды сотқа жолдамай, оңтайлы шешу, яғни өндірістен тоқтату мақсатында 100 000 теңге пара алған. Инспекторды пара алу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметкері ұстаған. Көрсетілген мән-жайлар мен сотталушының кінәсі куәнің айғақтарымен, ЖТӘ нәтижелерімен, сот-химиялық сараптама қорытындысымен, заттай дәлелдемелермен дәлелін тапты. Сотталушы өзіне тағылған айыппен толықтай келісіп, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады», - делінген хабарламада.

Сот ювеналды полиция инспекторы Х.-ға параның 30 еселенген сомасында, яғни 3 млн теңге айыппұл салу түріндегі жаза тағайындады. Үкім шығару кезінде қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәні мойындауы, шын өкінуі, бұрын сотталмағаны ескерілген.

Сондай-ақ инспектор мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары