Ерлан Қошанов Президент сайлауына қатыспайтынын ресми түрде мәлімдеді

Azattyq Rýhy

Мәжіліс төрағасы Amanat партиясының Мемлекет басшысын қолдайтынын жеткізді

Ерлан Қошанов Президент сайлауына қатыспайтынын ресми түрде мәлімдеді
Фото: ашық дереккөзден

ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов алдағы президент сайлауына қатыспайтынын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Мен ешбір сайлауға қатыспаймын. Биылғы сайлауда да, келесі сайлауда да өз кандидатурамды ұсынбайтынымды ресми түрде мәлімдеймін», - деді Ерлан Қошанов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін.

Мәжіліс төрағасы алдағы сайлауға түсетін лайықты кандидатты қолдайтынын айтты.

«Оның кім екенін біліп отырған шығарсыздар. Ол – Қасым-Жомарт Тоқаев. Мен сол кісінің кандидатурасын қолдаймын. Қасым-Жомарт Тоқаев саяси партияның мүшесі болмайды, алайда президенттікке кандидатты қоғамдық ұйым немесе партия ұсынады. Сондықтан Amanat партиясы Мемлекет басшысын қолдайды. Ал оны кім ұсынатынын Президент өзі шешеді, келіседі немес келісім бермейді», - деді Е. Қошанов.

Мәжіліс спикері жеті жылдық президенттік мерзімге байланысты заң жобасы қабылданбайды, Қазақстан Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі деді. Ол өзгерістерді тек Мемлекет басшысы ғана енгізе алады.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында биыл күзде кезектен тыс президенттік сайлау өткізуді ұсынған болатын.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.