Алматыда 642 адамға еңбекақысын төлемеген кәсіпкерлерге 18 миллион теңге айыппұл салынды

Azattyq Rýhy

212 кәсіпорында жұмыс істеп жалақысын ала алмай жүрген азаматтарға 300,8 млн теңге төленді

Алматыда 642 адамға еңбекақысын төлемеген кәсіпкерлерге 18 миллион теңге айыппұл салынды
Фото: ашық дереккөзден

Жыл басынан бері Алматы қаласы еңбек инспекциясы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған 320 жоспардан тыс тексеру жүргізген. Нәтижесінде 390 бұзушылық анықталған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Еркінбек Әмірғалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі. 

«24,2 млн теңгеге 179 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 86 заңды тұлғаның еңбек ақысын уақытылы төлемегені үшін 18 млн теңге төледі. Жеке және заңды тұлғалардың 3 мың 136 өтініші қаралды.

Жалақы бойынша 212 кәсіпорында 300,8 млн теңгеге берешек өтелді, осылайша 642 қызметкердің еңбек құқықтары қорғалды»,-деді Алматы қаласы еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Еркінбек Әмірғалиев.

Сондай-ақ, ол жыл басынан бері өндіріспен байланысты 59 жазатайым оқиға тіркелгенін хабарлады. Зардап шеккендер саны – 70, оның ішінде қайтыс болғаны – 6 адам, ауыр дәрежедегі жарақат алғандар –21 адам, жеңіл дәрежедегі жарақат алғандар – 43 адам.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.