$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкент іргесінде орналасқан тағы бір шағынаудан таза ауыз сумен қамтылды

Сондай-ақ, 2023 жылға дейін шағынауданға толықтай газ беріледі

Шымкент іргесінде орналасқан тағы бір шағынаудан таза ауыз сумен қамтылды

Шымкенттегі Асар-2 елді мекенін сапалы ауыз су, электр қуаты және табиғи газбен қамту құрылысы 2021 жылы аяқталып, 2700-ден астам абоненттің мәселесі шешімін тапты. Алайда, шағынауданда инфрақұрылым жобаларына енбеген мыңға жуық тұрғын үй бар деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жыл соңына дейін қалған аумақтарды ауыз сумен қамту құрылысының ІІ кезеңі аяқталады. Қазіргі уақытта ішкі орам жүйелеріне құбыр тартылуда.

Сондай-ақ, аталған елді мекенде табиғи газбен қамту жұмысы жүргізілуде. Қазіргі кезде құрылыстың 40%-ға жуығы аяқталды. Жоспар бойынша пайдалануға 2023 жылы берілмек.

Бұдан бөлек, Асар-2 елді мекенінде кәріз құрылысы қарқын алуда. Ішкі орамдық кәріз құбырының жалпы ұзындығы 39,6 шқ құрайды. Бүгінде оның 60%-дан астамы орнатылды. Нысан келесі жылы қолданысқа беріледі.

Айта кетейік, Шымкентте орталықтан алыс орналасқан шағынаудандардың инфрақұрылымын дамыту жұмыстары арнайы бағдарлама аясында жүзеге асып жатыр. Соңғы үш жылдан бері осы Асар-2 секілді бірнеше елдімекенге су және асфальт жол тартылып, көшелері жарықтандырылуда.

Серіктес жаңалықтары