$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырауда балалары үш ауысымды мектепте оқитын ата-аналар шу шығарды

Қалада 8 мектеп салынса, үш ауысымның мәселесі толық шешіледі екен

Атырауда балалары үш ауысымды мектепте оқитын ата-аналар шу шығарды
Фото ашық дереккөзден

Атырауда жаңа оқу жылы басталысымен мектептерде шу шықты. Ата-аналар балалардың үш ауысыммен аптасына алты күн оқитынына  наразы. Мәселен, 600 балаға арналып салынған бір мектепте қазір 2 мыңнан астам оқушы білім алып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК арнасына сілтеме жасап.

Қалада дәл осындай 11 мектеп бар. Қысылып-қымтырылып отыратын мұндай ғимаратта білім сапасы төмен болады деп тұрғындар дабыл қағуда. Атырау қаласындағы №2 мектептің ата-аналары. Білім ордасы 624 балаға арналған. Алайда қазір мұнда екі мыңға жуық оқушы үш ауысыммен оқып жатыр. Ал бұған ата-аналар наразы. Өйткені үшінші ауысым сабағы түс ауа басталып, кешкі сегізде аяқталады. Сабақтан тым кеш шығу қиын әрі қысты күні қауіпті дейді тұрғындар. Сондай-ақ үш баласы сабаққа үш мезгілде барып келетін ата-аналарға оңай болмай тұр. Сондықтан олар үш ауысымды реттеп, оқу аптасын  бес күнге қысқартуды талап етеді.

 «Ата-аналар наразылық білдіргенде, қалада үш мектепті бес күндікке ауыстырды. Осыған қарағанда бәрі өздерінің қолында. 624 балаға арналған мектепте екі мыңнан астам бала оқиды. Неге бастауыш сыныптарға арнайы ғимарат салмайды?», - дейді ата-аналардың бірі Айжан Елшібаева.

 Бұл біраз жылдан бері көтеріліп келе жатқан мәселе. Шағымданушылар жылдан жылға бала саны көбейіп жатса да, жаңа мектеп салынбайтынына наразы. Биылдың өзінде бұл білім ошағынан 9 бірінші сынып ашылған. Ал мектеп тым тар. Сондықтан білім сапасына күмәнмен қараймыз дейді жиналғандар.

 « Жеті жыл балам осы мектепке келеді. Жылдан жылға бала саны көбейіп келеді. Бірақ мектеп үлкейіп жатқан жоқ. Мектептің кабинеті, аудиториялар өзінен-өзі көбеймейді. Осы ауданда қосалқы мектептер ашылу керек. Ол – бірінші. Екінші, осындай үш ауысым кесірінен білім берудің ұйымдастыруға нұқсан келіп жатқан сияқты. Білімнің сапасын мектеп ұмытып жатқан сияқты», - дейді Атырау қаласының тұрғыны Ақмаржан Бисенғалиева.

Жаңа оқу жылы басталғаннан бері Атырауда ондаған мектепте үш ауысымдық сабақ кестесі мен алты күндік оқу аптасына наразы ата-аналар шу шығарып жатыр. Қазір қалаға қарасты 63 мектептің 11-і үш ауысыммен оқиды. Білім басқармасындағылар «бұл мәселені жуық арада шеше алмаймыз» деп ашығын айтты. 

 «Бұл өзекті мәселе. Бірақ бүгін шешімін табатын мәселе емес. Дегенмен де біз жан-жақты жұмыс істеп жатырмыз. Әдістемелік көмек ретінде кестені қарап, сабақ уақытын қарап жатырмыз. Сабақтарды қысқарта алмаймыз. Өйткені біз мемлекеттік бағдарлама стандартын орындауымыз керек. Дей тұрғанмен барлық мәселені зерделеп, жан-жақты шешім табуға тырысып, оқытушылар, басшылар күні-түні жұмыс істеп жатыр», - деді Атырау облысы білім басқармасының басшысы Гүлнар Сәдуақасова.

 Басқарма басшысының сөзінше, жаңа мектептер салынса ғана бұл шудың толық шешімі табылады. Жауаптылардың есебі бойынша, қалада 8 мектеп салынса, үш ауысымның мәселесі толық шешіледі екен.

Серіктес жаңалықтары