10.02.2020, 16:43
Жаңалықтар
Семейде жатақхана өртеніп, жүзден астам адам құтқарылды
Құтқарылғандардың жартысына жуығы – балалар
Фото: altaynews.kz
Семейде бүгін түнгі сағат 00:30 кезінде Засядько көшесінде орналасқан онқабатты жатақханадан өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі altaynews.kz-ке сілтеме жасап.
Басылымның хабарлауынша, өрт бірінші қабатта тұтанған.
«Құтқарушылар өрттен 110 адамды эвакуациялаған. Олардың 50-і - балалар. Тағы 135 адам өртеніп жатқан үйден өздері шығып үлгерген. Өрт бір сағаттың ішінде сөндірілді», - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері.
Құтқарушылардың айтуынша, оттың тұтануына өрт қауіпсіздігінің сақталмауы әсер еткен.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 16:26
Теміртауда бірнеше ай бұрын жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды
