$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Арыстанбек Мұхамедиұлы суицид жасамақ болды» деген ақпарат тарады: ҚР ІІМ жағдайды түсіндірді

Ұлттық музей директорына қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалған

«Арыстанбек Мұхамедиұлы суицид жасамақ болды» деген ақпарат тарады: ҚР ІІМ жағдайды түсіндірді
Фото ашық дереккөзден

Әлеуметтік желі мен кейбір ақпарат құралдарында Ұлттық музейдің экс-директоры Арыстанбек  Мұхамедиұлының суицид жасамақ болғаны туралы  ақпарат тарады. ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі аталған ақпаратқа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі ол ақпаратта жаңсақтық бар екенін мәлім етті.

«Арыстанбек Мұхамедиұлы суицид жасамақ болды. Бірақ бұл 2022 жылдың мамыр айында, экс-директор уақытша ұстау изоляторында болған кезде орын алған», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 29 мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сот санкциясымен Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалғанын мәлім еткен еді.

Серіктес жаңалықтары