Елордада 3 мыңға жуық азамат әскерге барудан қашып жүр
Қазір әскери міндеттен жалтарғандар іздестірілуде
Нұр-Сұлтанда 3 мыңға жуық азамат әскери міндетін орындаудан қашып жүр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Ақжартай Уәлиахметов айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мерзімді әскери міндетін орындаудан жалтаратын азаматтар болады. Біз полиция басқармаларына олардың тізімін жолдаймыз. Кейін заңнамада көрсетілген тәртіптерге сәйкес, азаматтарды іздестіру жұмыстары жүргізіледі. Әскери борышын өтеуге міндеттілер есебінде тұғандар көбіне Нұр-Сұлтан қаласына уақытша келіп, басқа мекенжайлар бойынша тіркеледі. Осыған байланысты оларды табу қиынға соғады. Қазіргі таңда елорда бойынша мерзімді әскери міндеттен жалтарған 3 мыңға жуық азамат іздестіріліп жатыр», - деді Ақжартай Уәлиахметов.