05.09.2022, 20:52
Жаңалықтар
Қостанайдағы өртті сөндіруге қатысқан сала мамандарына 2 айлық еңбекақы көлемінде сыйақы беріледі
Президент өрт сөндірушілерге жеке алғыс білдірді
Фото ашық дереккөзден
Қостанайдағы алапат өртті сөндіруге қатысқан сала мамандарына 2 айлық еңбекақы көлемінде сыйақы беріледі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысында болған өртті сөндіру жөніндегі шұғыл әрекет ету штабының отырысында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мен жалынмен күресіп жатқандардың бәріне өз атымнан жеке алғыс жолдағым келеді. Олар ерлік танытып, шұғыл қимылдап, кәсіптеріне адал екенін көрсетті. Олар ең жоғары бағаға лайық деп ойлаймын және тиісті марапат алады. Оның ішінде қаржылық тұрғыдан да. Үкімет өрт сөндіруге тікелей қатысқандарды екі айлық еңбекақы көлемінде марапаттау туралы тиісті қаулы әзірлеуі керек», - деді Президент.
Көп оқылған
19.09.2026, 06:38
Алматыда өтіп бара жатқан адамдарға тиісіп, қару көрсетіп жүрген бес жігіт ұсталды (ВИДЕО)
19.09.2026, 07:38
Павлодарда Ертіс өзеніне батып кеткен ер адамның мәйіті бір аптадан кейін табылды (ВИДЕО)
19.09.2026, 08:55
Сенбі күні Қазақстанда ауа райы қандай болады
19.09.2026, 12:17
Алматыда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен бойжеткен аман-есен табылды
19.09.2026, 14:08
Президентке Астананы абаттандыру жұмыстары туралы баяндалды
Бүгін, 00:28
Қытайда магнитудасы 4,4 болатын жер сілкінісі болды