04.09.2022, 15:59
Жаңалықтар
Қостанай облысында үйі өртенген отбасылардың банктегі несиесі кешіріледі
Баспанасынан айырылған әр отбасыға банк 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек береді
Фото ашық дереккөзден
Қостанай облысындағы өрттен үйлері жанып кеткен отбасыларға «Halyk Bank» 1 млн теңгеден береді және несиелерін жабады. Бұл туралы аталған банктің ресми Тelegram арнасында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Halyk Bank» Қостанай облысында үйлері өртеніп кеткен әр отбасына 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек жібереді. Үйінен айрылған адамдар күш жинап, алған қаражатын ең қажеттісіне – тұрғын үйді жалдауға, киім-кешек, тамақ және қажетті тауарлар сатып алуға жұмсайды.
Сонымен қатар, банк басшылығы жанып кеткен үйлердің барлық иелеріне «Halyk Bank»-тегі қолданыстағы кредиттерін жабу туралы шешім қабылдады.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады