$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жетісу облысында тағы бір ата-ана әкімдік берген мектеп формасына шағымданды

Білім басқармасының басшысы мектеп формасы ауыстырылатынын айтты

Жетісу облысында тағы бір ата-ана әкімдік берген мектеп формасына шағымданды
instagram/taldykorganec.insta_

Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылындағы ата-ана мемлекеттен берілген көмекке шағымданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желідегі кадрлардан мектеп формасы бірнеше өлшемге үлкен екені көрінеді. Жергілікті белсенділердің айтуынша, мұндай жағдай Кербұлақ ауданында көп байқалған. Алайда бұл мәселе әлі жарияланбаған.

Білім басқармасының басшысы Айжан Адамбекова мектеп формасы ауыстырылатынын айтты.

"Суреттегі баланы анықтай алмай жатырмыз. Ата-аналардан Білім басқармасының сенім телефонына +7 (705) 226-26-13 хабарласуын сұраймыз. Бүгінге дейін жеткізушілер өлшемі сәйкес келмейтін барлық мектеп формасын ауыстырды", - деді ол.

Еске салайық, тамыздың басында дәл осындай оқиға орын алған еді. Кербұлақ ауданында ата-аналардың бірі әкімдіктен қызына бірнеше өлшемге үлкен мектеп формасын алғанына шағымданған болатын.

Серіктес жаңалықтары