04.09.2022, 13:58
Жаңалықтар
ШҚО-да заңсыз тұрып жатқан 11 өзбекстандық анықталды
Шетелдіктер мемлекет аумағынан шығарылды
Фото ашық дереккөзден
Шығыс Қазақстан облысында заңсыз тұрып жатқан 11 өзбекстандық анықталды. Бұл туралы ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Департамент мәліметіне сүйенсек, Зайсан ауданында көші-қон қызметінің мамандары базарларға, өңір аумағында уақытша және тұрақты тұратын шетелдік азаматтардың тұрғылықты жерлеріне, құрылыс нысандарына тексеру жүргізді.
«Соның нәтижесінде, аулалардың бірінде көзге түскен Өзбекстанның екі азаматының ықтиярхатсыз тұрып келгені анықталды. Шетелдіктер ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігі бойынша мемлекет аумағынан шығарылды», - деп хабарлады ведомстводан.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды