$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте мектеп инженері оқушылардың 200-ге жуық компьютерін ломбардқа өткізіп жіберген

Сот үкімімен күдікті кінәлі деп танылып 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айрылды

Шымкентте мектеп инженері оқушылардың 200-ге жуық компьютерін ломбардқа өткізіп жіберген
Фото ашық дереккөзден

Шымкентте мектеп инженері оқушылардың 200-ге жуық компьютерін ломбардқа өткізіп жіберген. Бұл туралы Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мектептің жабдықтау жөніндегі инженері Н. есімді азамат «жөндеу қажет» және тағы басқа да сылтаулармен мемлекет мүлкін ломбардқа өткізіп, сатып жіберген. 2021-2022 оқу жылы аяғында мүліктік инвентаризация жасау барысында мектеп директоры жағдайды анықтап, білім басқармасы тарапынан Әл-Фараби аудандық полиция департаментіне шағымданған.

«Бұл Шымкент қаласының мектебінде болған жағдай. Мектепте жалпы 575 компьютер болған. Пандемия кезінде компьютерлер ата-аналарға берілгені белгілі. Сот үкімімен күдікті кінәлі деп танылып 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айрылды. Алайда, аппеляциялық шағым түсіріп, 3 ай көлемінде компьютерлерді қайтаруға мерзім сұрады», - деп жазды Жанат Тәжиева.

Серіктес жаңалықтары