02.09.2022, 02:47
Жаңалықтар
Шекарадан марихуана алып өтпек болған шетелдік азамат ұсталды
Есірткі туралы қызметтік ит белгі берген
фото: its-kz.kz
«Атамекен» шекара бекетінен марихуана алып өтпек болған шетелдік азамат ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қарасора-2022» профилактикалық шарасын жүргізу барысында Өзбекстандық азамат «Атамекен» шекара бақылау бекеті арқылы Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына өткен. Ер адам төлқұжатқа мөр бастырып шыққан сәтте, «Икар» атты қызметтік ит белгі беріп тоқтатқан.
«Полицейлер жедел іске кірісіп, шетел азаматын тінту кезінде, оның оң аяғына киген шұлығынан полиэтилен пакетке оралған есірткіге ұқсас затты тапты. Тәркілеп алынған затқа бірден сараптама тағайындалып, нәтижесінде «марихуана» есірткісі болып шықты», - деп көрсетті Түркістан облыстық полициясынан.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады