$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда стробоскопты пайдаланған Gelandewagen жүргізушісі жауапқа тартылды

Оған қатысты алты әкімшілік хаттама толтырылды

Алматыда стробоскопты пайдаланған Gelandewagen жүргізушісі жауапқа тартылып, көлігі айыппұл тұрағына қойылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында жол қозғалысы ережелерінің бірден бірнеше талаптарын бұзған ҚР әкімшілік заңнамасын өрескел бұзу дерегі анықталды.

«23 жастағы И.есімді азамат анықталып, ұсталды. Ол құқық бұзушылық дерегін бірден мойындап, бейнероликке түсіру қажеттігін түсіндірді. Бұл уәж құқық бұзушының әрекетін ақтамайды. Оған қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасына сәйкес шара қолданылды: алты әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды», – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.

Келесі құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік іс қозғалды:

  • ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабы 2-бөлігі – Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзу;
  • ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы 1-бөлігі – жүргізушінің көлік құралын басқару кезінде телефон немесе радиостанцияны пайдалануы;
  • ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігі – техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес келмейтін, сондай-ақ ақаулар немесе көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын жағдайлар болған кезде көлік құралдарын жүргізу;
  • ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 3 бөлігі – көлік құралына жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін орнату;
  • ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі – жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері (белгі) бар көлік құралын басқару, сондай-ақ, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін (белгісін) сәйкестендіруге кедергі келтіретін немесе оларды белгілеуге мүмкіндік беретін құрылғылармен және материалдармен жабдықталған мемлекеттік тіркеу нөмірлері бар көлік құралын жүргізу;
  • ҚР ӘҚБтК-нің 603-бабы 3-бөлігі – жедел және арнайы қызметтердің көлік құралдарының арнайы түсті схемаларын көлік құралының сыртқы беттеріне заңсыз қолдану.
Серіктес жаңалықтары