Ұлттық банк 1 қыркүйекке арналған доллар бағамын белгіледі
Ресей рублінің ресми бағамы 7.84 теңге болды
Бүгін, яғни бейсенбі күні доллардың ресми бағамы қайта көтеріліп, 472.21 теңгеге тең болды.
Айта кетейік, америкалық валютаның 31 тамыздағы ресми бағамы 468.8 теңге болған еді.
Ресей рублінің ресми бағамы 7.84 теңге болды.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 471 теңгеден сатып алынып, 476 теңгеден сатылып жатыр. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 469 теңгеден сатып алынып, 473 теңгеден сатылып жатыр.
Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:
USD / KZT – 472.21 (АҚШ доллары)
EUR / KZT – 471.22 (еуро)
RUB / KZT – 7.84 (ресейлік рубль)
TRY / KZT – 25.96 (түрік лирасы)
CNY / KZT – 68.46 (қытай юані)
KGS / KZT – 5.85 (қырғыз сомы)
UZS / KZT – 4.33 (өзбек сомы).