$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызылорда облысында 4 күнде 45 қару тәркіленді

25-28 тамыз аралығында Қызылорда облысының аумағында «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді

Қызылорда облысында 4 күнде 45 қару тәркіленді
фото: didar-gazeti.kz

Қызылорда облысында полицейлер «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы 4 күнде 45 қару тәркіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Жедел алдын алу іс-шарасы кезінде заңсыз айналымнан 45 қару алынды. Бұдан басқа тәртіп сақшылары тұрғылықты жері бойынша 2000-нан астам қару иесін тексерді, оның ішінде қаруды заңсыз сақтағаны үшін – 32, сақтау ережелерін бұзғаны үшін 6 азамат жауапкершілікке тартылды», - деп көрсетті Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.  

Сонымен қатар, 7 дана шолақ мылтық, 1 сигналдық АКМ және 1 травматикалық қаруды тәркілеу фактілері бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#қару-жарақ