$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

СҚО-да аудандық мәслихат депутаты көпбалалы отбасыға 2,5 млн теңгеге үй сатып әперді

Үлкен отбасы жақында қоныс тойын тойлайды

СҚО-да аудандық мәслихат депутаты көпбалалы отбасыға 2,5 млн теңгеге үй сатып әперді
Фото: ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының депутаты Пресноредуть ауылында тұратын көпбалалы отбасына 2,5 млн. теңгеге үй сатып әперді. 9 адамнан тұраты отбасы жақында қоныс тойын атап өтпек, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Жеті баланың ата-анасы Николай мен Елена Кизимовтар бірнеше жыл бойы жергілікті шаруа қожалығында еңбек етіп келеді. Ауылдастары мен шаруашылық жетекшісі Руслан Асхабовтың айтуынша, таңнан кешке дейін ерлі-зайыптылар ауыл шаруашылығы өндірісін өркендетуге көмектесіп келеді. Николай - механизатор болып, әйелі Елена қоймада жұмыс істейді. Табыстың көп бөлігі балаларды асырауға жұмсалады, олардың төртеуі – мектеп оқушысы.

Бұған дейін отбасы ескі үйді паналап келген болатын. Жаңасын сатып алуға қаражат жетпеді. Қол астындағылардың қиындығынан хабардар шаруа қожалығының басшысы, «AMANAT» партиясынан аудандық мәслихат депутаты Руслан Асхабов қажырлы еңбегі үшін отбасына 2,5 миллион теңге жаңа үй тарту ету туралы шешім қабылдады. Үйдің бірнеше бөлмесі бар, кең  ауласы, бау-бақшасы мен моншасы да жанында.

«Мұнда бәрі бар. Жаңа оқу жылы мен Конституция күні қарсаңында сыйлық алу жағымды жаңалық болды. Руслан Жамалайловичке өте ризамыз. Жаңа жағдайда туған ауылымыздың гүлденуі үшін бұдан әрі де еңбектенеміз. Балаларға осындай адамдарды үлгі етіп, жақсы тәрбие беруге тырысамыз», - деп атап өтті отбағасы Николай Кизимов.

Меценаттың қамқорлығында көпбалалы отбасылар, зейнеткерлер және оның шаруа қожалығының жұмысшылары бар, олар кез-келген уақытта депутатқа өз мәселесімен жүгіне алады. Шаруа қожалығының басшысы ауылды көркейтуге де атсалысып жүр. Биыл оның демеушілігімен ауыл мектебі күрделі жөндеуден өтті.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#қайырымдылық