$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 2 қап қару-жарақ пен оқ-дәрі табылды

Бұл факті бойынша тергеу амалдары басталды

Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 2 қап қару-жарақ пен оқ-дәрі табылды
фото: Алматы қ. ПД

Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 2 қап қару-жарақ пен оқ-дәрі табылды. Бұл туралы Алматы қаласының полициясы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлері мен Алматы қаласы Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде ұрланған қару-жарақты тапты. Екі қап қару мен оқ-дәрі Гете көшесіндегі қоймаға жасырылған», - деп көрсетті ведомство өкілдері.

Қапта Калашников автоматы, «Штурм» бес рет оқталатын ұңғылы шолақ мылтығы, 9 мм калибрлі газ револьвері, екі граната, әртүрлі калибрлі 200-ге жуық патрон болған.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#қару-жарақ