$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда 12 мыңнан астам адам жеңілдетілген автонесие бағдарламасын пайдаланды

Роман Скляр қосымша қаржыландыру мүмкіндігін де жоққа шығармады

Қазақстанда 12 мыңнан астам адам жеңілдетілген автонесие бағдарламасын пайдаланды
Фото: inbusiness.kz

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Үкімет отырысында қанша адамның жеңілдетілген автонесие бағдарламасын пайдалана алғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Роман Склярдың айтуынша, аталған бағдарламаны 12 мыңнан астам адам пайдаланған. Сондай-ақ ол бағдарламаның экологиялық тұрғыдан маңыздылығына тоқталды.

«Біз мөлшерлемені 50%-ға төмендеттік. Бұл қаржы табиғатты қорғау шараларына да, осындай бағдарламаларға да жұмсалады. Жеңілдікті автонесие және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін жеңілдетілген несиелеу бағдарламалары экологияны жақсартуға сеп болады. Біз бизнес пен азаматтарымызға көліктерді жаңартуға көмектесеміз, осылайша қоршаған ортаны жақсартамыз», - деді Роман Скляр.

Ол сондай-ақ жеңілдетілген автонесиені қосымша қаржыландыру мүмкіндігін де жоққа шығармады.

«Егер ондай мүмкіндік болса, біз оны да пайдаланамыз. Бағдарлама халық арасында өте танымал болып отыр», - деді Р. Скляр.

Серіктес жаңалықтары