$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Димаш Құдайберген «Zhalyn» әніне клип түсірді

Димаштың лирикасы мен романтикалық бейнесіне үйренген көрермен үшін бұл туынды тосын сый болды

Димаш Құдайберген көпшілікті жаңа әнімен қуантты. «Zhalyn» деп аталатын туынды әншінің өзге әндеріне ұқсамайды. Жанры, ырғағы бөлек. Композицияның қалай жасалғанын және музыкалық бейне түсірілімі қалай өткені туралы орындаушының Dimashnews ресми сайтында жарияланды.

Оның жаңа әні тыңдарман қауым үшін үлкен тосын сый болды. Димаштың лирикасы мен романтикалық бейнесіне үйреніп қалған жұртшылық ырғақты би трегін зор ықыласпен қабылдады.

Қазақ тіліндегі Zhalyn жарқын әрі серпінді әнін қазақстандық композитор Еділжан Ғаббасов Димаш Құдайбергенмен бірлесіп жазған. Еділжан әнді жазуға шабыттың орындаушымен танысу кезінде пайда болғанын айтты.

«Zhalyn әнін Димашпен 2020 жылы кездескен кезде жаздым. Өлеңнің әуенін жаза отырып, Димашқа әннің үзіндісін көрсеттім, содан кейін ол қайырмасын жазды. Осылайша, бұл композиция біздің шығармашылық тандемімізде дүниеге келді. Әннің тыңдарман қауымға ұнайтынына сенімдімін. Біз оларға әрі қарай да көптеген сапалы туындылар сыйлайтын боламыз», - деді композитор.

Еділжан бұл әнде туған жер, қазақ халқының рухын көрсете отырып, әуенге заманауи үн қосқанын айтады.

«Бала кезімде мен Стиви Уандер, Майкл Джексон сияқты әншілердің сапалы әуендерін көп тыңдап өстім. Бұл менің жеке шығармаларымды жазуда шабыт берді. Zhalyn әні үш бөліктен тұрады және екінші бөлігі маған өте қатты ұнайды, себебі онда Қазақ халқының рухы бейнеленген», - дейді Еділжан Ғаббасов.

Әннің мәтінін EL ARNA телеарнасының продюсері, ақын Нұржан Асхатұлы жазған. Нұржан әннің негізгі тақырыбы махаббат екенін айтады. Десе де туынды махаббаттпен шектеліп қалмаған.

«Димаштың өзі Zhalyn тақырыбын таңдап, оның қандай болу керектігін түсіндірді. Осылайша, әуенді қайта-қайта тыңдап, әннің негізгі тақырыбына сүйене отырып жаздым. Біреу үшін өзгеру өзіңді жоғалтумен тең. Егер сіз өзіңізді өзгерткен болсаңыз, өз табиғатыңыздан бас тартасыз, мүлдем басқа адам боласыз. Сондықтан біз кез-келген адамды түсінуге және қабылдауға тырысуымыз керек деп ойлаймын. Бұл әннің басты идеясы – осы», - дейді ақын.

Әсерлі композицияға бейнебаянды қазақстандық режиссер Шыңғысхан Тәжікеев MOOD VIDEO жанрында түсірген. Режиссер бұл музыкалық бейне өзі үшін де, Димаш үшін де үлкен тәжірибе болғанын айтты.

«MOOD VIDEO түсірілімінің мақсаты – динамикалық монтаждық кесу арқылы орындаушыны жаңа қырынан көрсету, сондай-ақ белгілі бір тұжырымдаманы іске асырмай арнайы лазер мен басқа да жарықтандыру аспаптарын пайдалану. Алаңда Димаш өзінің энергетикасымен керемет атмосфера орнатты, бұл бүкіл командаға түсірілімді оң нотада өткізуге мүмкіндік берді»», - дейді режиссер.

Серіктес жаңалықтары