$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызылордада кәріз құдығына құлап кеткен сәбиді құтқарған жасөспірімге пәтер берілді

Екі бөлмелі пәтер демеушілер есебінен алынған  

Қызылордада кәріз құдығына құлап кеткен сәбиді құтқарған жасөспірімге пәтер берілді
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қызылорда облысында өтіп жатқан педагогикалық тамыз конференциясында 2,5 жастағы сәбиді ашық тұрған кәріз құдығынан құтқарған 15 жастағы Арман Аманжоловқа екі бөлмелі пәтер кілті табысталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Олыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жасөспірімге ерекше алғыс білдіріп, демеушілер есебінен алынған пәтердің кілтін табыс етті.

«Мемлекет басшысы тарапынан азаматтарымыздың мұндай ерекше батыл қимылдарын елеусіз қалдырмай, өзгелерге үлгі ету туралы ұстанымы аясында бүгін Арман батырға, оның ата-анасына барша Сыр елінің атынан зор ризашылығымызды білдіремін. Бүгінде аймағымызда жомарт жүректі жанашыр азаматтар жетерлік. Сол демеушілердің атынан бүгінгі бейбіт күннің батыры болған бозбалаға баспана кілтін табыс етеміз», - деді облыс әкімі.

Айта кетсек, 19 тамызда қала орталығындағы «Универсам» шағын ауданында 2,5 жасар сәби ашық тұрған кәріз құдығына түсіп кеткен. Аралдан арман қуып, оқуға келген 15 жастағы Арман Аманжолов оқиға кезінде көзсіз ерлікке барып, баланы құдықтан алып шыққан.

Арман Аманжолов Арал ауданы Бөген ауылында 2007 жылы дүниеге келген. 5 ағайынды, 2 әпкесі, 2 ағасы бар. Әкесі Жаңалық жұмыссыз, анасы Майра мектеп асханасында жұмыс істейді.

Ол Қызылордаға политехникалық колледжге түсуге келген. М.Ықсанов инженер-электрик мамандығы бойынша оқуға жіберілді. Енді комиссияның шешімін күтіп отыр.

Серіктес жаңалықтары