$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысы бойынша ҚАЖД бастығының бұрынғы орынбасарына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды

Ол сотталушыдан ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталған

Түркістан облысы бойынша ҚАЖД бастығының бұрынғы орынбасарына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды
Фото ашық дереккөзден

ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік бөлімшесі Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД бастығының бұрынғы орынбасарына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрліктің мәліметінше, ол 2022 жылдың шілде айында бопсалаушылық және қылмыстық жазаны өтеу режимін жеңілдету үшін сотталушыдан ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды. Қазіргі уақытта іс Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотына жолданған.

«Полицейлер заңды ұстанбай, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын таптап, антты бұзған жағдайда ІІМ бұрынғысынша қатаң және дереу әрекет етеді. Құқық қорғау қызметі бізге тек жұмыста ғана емес, күнделікті өмірде де үлкен жауапкершілік жүктейді. Министрлік басшылығы барлық заң бұзушылықтарға қарсы әрекет ету бойынша ұстанымды одан әрі қатаң ұстанатын болады. Кінәлілердің бірде-біреуі жауапкершіліктен жалтара алмайды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары