$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясы комбинатқа мемлекеттік экологтарды кіргізбей отыр

Өндіріс орнының жыл басынан бері қоршаған ортаға келтірген зияны – 4,5 млрд теңге

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясы комбинатқа мемлекеттік экологтарды кіргізбей отыр
Фото ашық дереккөзден

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясы қаланы қара түтінге ораған металлургиялық комбинатқа мемлекеттік экологтарды кіргізбей отыр. Қоршаған ортаға келген шығынды есептеуге мүмкіндік бермегені үшін оларға айыппұл қарастырылған. Бірақ шетелдік компания бір жыл ішінде осымен үшінші рет құзырлы орган өкілдеріне есік ашпаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қарағанды облыстық экология департаментіне сілтеме жасай отырып.

Осыған дейін екі рет мемлекеттік экология инспекторын табалдырығынан аттатпаған алпауыт 1 миллион 200 мың теңге айыппұл төлепті. Бұл жолы да солай істеген. Өйткені жыл басынан бері экологиялық талаптарды сақтамаған өндірістің  қоршаған ортаға келтірген шығын көлемі 4 жарым миллиард теңгені құрапты. Оның сыртында 348 миллион теңге айыппұл салынған. Сондықтан миллардтаған шығынға ұшырағанша, әкімшілік айыппұлмен құтылуды құп көргендей. Экологтар елде жұмыс істеп жатқан шетелдік компания мемлекеттік инспекторды кеудеден итеруі сол елдің заңын пысқырмауы дейді. Айтуларынша, тексеріс қайткен күнде де жүреді, бірақ осындай әрекетпен компания уақыт ұту амалын жасап отыруы мүмкін.

 «Тексеріске қарсы болу, болып жатқан заңбұзушылықтарға жол бермеу, заңбұзушылықты жою жағынан да, мысалы, бізге қарсылық білдіру, болып жатқан заңбұзушылықты жасыруы тегін емес. Бүкіл жерде шетелдік компаниялар жұмыс істейді, олар бірінші кез келген халықтың ұлттық заңдылықтарын сақтауға мүдделі болуы керек», - дейді Қарағанды облысы экология департаменті басшысының орынбасары Дархан Исжанов.

Серіктес жаңалықтары