$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша жер учаскесі заңсыз берілген

Пара алғандар сотталды

Түркістан облысында «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша жер учаскесі заңсыз берілген
Фото ашық дереккөзден

Түркістан облысы бойынша «Нұрлы Жер» бағдарламасы арқылы тұрғын үй салуға жер учаскесін заңсыз беру фактісі анықталды. Бұл туралы «AMANAT» партиясы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы кезінде кеңес мүшесі Дидар Смағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Созақ ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы Г.Арипбай «Шөже» ШҚ төрағасы О. Әділхановтан жайылымға жер учаскесін беру конкурсының нәтижесін оң шешкені үшін 100 000 теңге сомасында пара алып сотталды. Төлеби ауданы Первомай ауылдық округі әкімдігінің қызметкері С.Аликулов жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін заңсыз ресімдеп, пара алғаны үшін істі болды. Бәйдібек ауданы Борлысай ауылдық округі әкімдігінің маманы Т.Батырбеков сотталды, ол жеке кәсіпкерден жер учаскесін бергені үшін 100 мың теңге сомасында пара алған», - дейді Дидар Смағұлов.

Оның айтуынша, облыстың қала мен аудан әкімдері, сондай-ақ жер қатынастары басқармасының басшылығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты күшейту бойынша шаралар қабылдау қажет.

Серіктес жаңалықтары