Елордада төмен бағада мектеп тауарларына арналған жәрмеңке өтеді
Жәрмеңке Demalys Promenad аллеясында ұйымдастырылады

Елордада Demalys Promenad аллеясында 25-28 тамыз аралығында «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы аясында мектеп жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Жәрмеңке 25-28 тамыз аралығында таңғы 10-нан кешкі 19-ға дейін өтеді.
Іс-шараны өткізу мақсаты – балаларды мектепке дайындауда халыққа көмек көрсету және қолдау көрсету. Әкімдіктің хабарлауынша жәрмеңкеде кәсіпкерлердің де, отандық өндірушілердің де тауарлары төмен бағамен ұсынылады.
«Сөрелерде ата-аналар мен балалар мектепке қажет керек-жарақтарын таба алады: қалам, дәптер, түрлі-түсті бояулардан бастап рюкзактар мен мектеп формаларына дейін.
Сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдардың, атап айтқанда, «Құқық» қоғамдық қорының және балалар мен ата-аналарға арналған психологиялық қолдау қызметінің жұмысын ұйымдастыру жоспарлануда, бұл ретте балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша мамандардың заңдық, әлеуметтік және психологиялық консультациясын алу мүмкіндігі бар», - делінген хабарламада.