Қарағанды облысында Қаңтар оқиғасында қаза тапқан жауынгерге арнап ескерткіш орнатылды
Әділ Нұркенов небәрі 28 жасында қыршынынан қиылды
Қарағанды облысына қарасты Шерхан ауылында Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан жауынгер Әділ Нұркеновке монумент орнатылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі Ekaraganda порталына сілтеме жасап.
«Шахан ауылында қанды қаңтарда қаза тапқан екі жауынгердің біріне ескерткіш орнатылды. Теміртауда дүниеге келіп, осы ауылда туып-өскен әскери қызметші Әділ Нұркенов Талдықорғанда құпия құжаттарды көшіру кезінде мерт болған», - делінген хабарламада.
Ауыл әкімі Ғалым Өмірбековтің айтуынша, бұл идея қаңтар айында пайда болған екен. Ескерткіш жергілікті демеуші Сапар Ибкеевтің қаражатына тұрғызылған.
Әділ Нұркенов небәрі 28 жасында қыршынынан қиылды. Жауынгерлік қызметін өтеу барысында көрсеткен және мемлекетті қорғау кезіндегі жанқиярлық ерлігі үшін марқұмның туыстарына «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі табысталды.