«Байтерек» холдингі Сбербанк Қазақстанды сатып алып жатыр
Тараптар мәмілені жақын арада жабуды жоспарлап отыр
«Бәйтерек» холдингі мен Сбербанк Қазақстандағы еншілес банкті сатып алу-сату жөніндегі мәмілеге қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі мен Сбербанк тобы Сбербанк Қазақстандағы («Сбербанк» АҚ ЕБ) Сбер акцияларының барлық пакетін сатып алу-сату мәмілесіне қол қойды.
Сбербанк қазіргі геосаяси жағдайды басшылыққа ала отырып және еншілес банк клиенттерінің мүддесі үшін әрекет ете отырып, қазақстандық нарықтан шығу туралы шешім қабылдады.
Сбербанк Қазақстанды сатып алу туралы шешім қабылдай отырып, «Бәйтерек» холдингі оның елдің қаржы жүйесі үшін жоғары маңыздылығын бағалады. Банк иеленетін қазіргі заманғы инфрақұрылым мен технологиялар қысқа мерзімде Банкті толыққанды жұмысқа қайтаруға және Қазақстан экономикасының нақты секторын қаржыландыруды бастауға мүмкіндік береді», - делінген «Бәйтерек» холдингінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Банк өзінің клиенттер алдындағы барлық міндеттемелерін орындауды жалғастырады. Клиенттері үшін банк өнімдері бойынша барлық шарттар өзгеріссіз қалады.
Мәміле банкке белсенді операцияларды толық көлемде жаңартуға, депозиттер тартуға және төлемдер жүргізуге, сондай-ақ халық пен бизнес үшін өнімдер мен қызметтерді дамытуды жалғастыруға мүмкіндік бермек.
Тараптар мәмілені жақын арада жабуды жоспарлап отыр.