$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Оралда есірткі таратқан 15 жастағы оқушы сотталды

Ұсталғандар «өз қызметін» Telegram арналардың бірі арқылы жүргізген

Оралда есірткі таратқан 15 жастағы оқушы сотталды
Фото ашық дереккөзден

Оралда есірткі таратқан 19 жастағы жігіт пен 15 жастағы оқушы сотталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың 2 наурызында Орал станциясының маңын тексеру кезінде 15 жастағы жасөспірім мен оның 19 жастағы танысы ұсталды. Олардың оралған ұнтақты ағаш бұтақтарына жасырғандығы анықталды. Сараптама қорытындысына сәйкес, ұсталғандардан алынған зат психотроптық зат болып шықты және оның жалпы салмағы 11 грамды құрады. Ұсталғандар «өз қызметін» Telegram арналардың бірі арқылы жүргізген.

Аталған факті бойынша Орал станциясындағы желілік полиция бөлімі ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша тергеу жүргізді.

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 19 жастағы сотталушыға 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, ал оның 15 жастағы сыбайласы 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары