$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан халқына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Садыр Жапаровқа көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан халқына көңіл айтты
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасы азаматтарының Ресей Федерациясының Ульянов облысында жол апатынан қаза табуына байланысты Президент Садыр Жапаровқа және барша қырғыз халқына көңіл айтты», - делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы жеделхатта қайтыс болған азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Тақырыпқа орай: Ресейдегі жол апатынан Қырғызстанның 14 азаматы қаза тапты

Еске салсақ, 21 тамызда Ресейдің Ульяновск облысында жол-көлік апатынан 16 адам қаза тапты, оның 14-і - Қырғызстан азаматы. Бұқаралық ақпарат құралдары қаза тапқандардың ішінде бес әйел (31, 27, 46, 24, 42 жаста), тоғыз ер адам (36, 32, 46, 22, 23, 25, 23, 44, 26 жаста) қайтыс болғанын хабарлады.

Үш қырғызстандық азамат (41 жастағы әйел, 21 және 29 жастағы ер адамдар) аман қалды. Олардың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

Қырғызстан президенті елде қаралы күн жариялады.

Серіктес жаңалықтары